лайда ол балада барлық адамның бойынан табыла бермейтін, адамгершілік, досқа адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам көркі шүберек деп текке айтпаған шығар, бірақ шүберек бітер, ал достық ше, достық қайда сонда? Міне баланың өмірге деген көзқарасы осылай атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін адамдармен достасу керек, яғни оның пайдасы тиеді деген ой қалыптасады. Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңізде өмір сүріп жатқанан кейін өмірде сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқа сүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені қолпаштап жүрген жандардың бірін таппайсың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал ма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б. Грасиннің "Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара, тіпті бітіспес жауың
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>