Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

н танысу.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау :
Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда. 1. Дүниежүзілік халықаралық қатынастар 2. Дүниежүзілік сауда. 3. Экономикасы ашық елдер. 4. Халықаралық несие- қаржы қатынастары. 5. Дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлері. Экономикасы ашық елдер, халықаралық несие-қаржы қатынастары және дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлерімен таныстыру. Еркін экономикалық аймақтар, халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы және халықаралық туризм бойынша интернет материалдарына қызығушылықтарын ояту. Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі интеграциялану, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын атап өту және халықаралық компаниялардың құрылуы, халықаралық саудадағы орны мен рөлі туралы пікір алмасу.
3. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау : Үйге берілген тапсырманы " Көлік географиясы" тақырыбы бойынша" : бөлімі бойынша. "Заман тынысы" - саяси жаңалықтарды білуге қызықтыру мақсатында оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау және білімдерін үлестірмелі тарқатпалар арқылы қорытындылау. Әрбір оқушыға пән портфолиосына соңғы тапсырманы сол елдің көлік жүйесінің дамуын орындауды ұсыну және "Панорамалық сабаққа " дайындық көруді ескерту өзіне тиісті мемлекет бойынша. "Қорғау" - студенттің өзіндік жұмысын қорғауы, "Тауыс құсы" - білген білімін жайып салу әдісінде үйге берілген сызбанұсқалар бойынша "Көлік жүйесі" және "Құрлық көлік түрлері " кластерлеу, "Миға шабуыл" - пікірлеу қабілетін ояту сұрақтары: - Жеке елдердегі көліктің даму деңгейі қандай негізгі факторларға тәуелді? (экономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа, халықаралық еңбек бөлінісіне т. б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: