Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік сауда.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 минут
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерді экономикасы ашық елдер, халықаралық несие-қаржы қатынастары және дүниежүзілік экономикалық қатынастардың басқа түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:Еркін экономикалық аймақтар, халықаралық сауда айналымы, тауар құрылымы және халықаралық туризм бойынша интернет материалдарына қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі интеграциялану, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын атап өту және халықаралық компаниялардың құрылуы, халықаралық саудадағы орны мен рөлі туралы пікір алмасу.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік оқыту технологиясы, Интерактивті ойын .
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері: "Заман тынысы" - саяси жаңалықтарды білуге қызықтыру
"Қорғау" - студенттің өзіндік жұмысын қорғауы, "Тауыс құсы" - білген білімін жайып салу әдісі, "Миға шабуыл" - пікірлеу қабілетін ояту , "Картамен жұмыс" - саяси картадағы мемлекеттерді үйрену. "Кескін картамен жұмыс" - тапсырмаларды орындауға үйрету. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14-15 тақырып
Пәндік байланыс: Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі орны - Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзілік шаруашылық - Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер):
Қамтитын: Экономика, саясаттану, жалпы тарих.
Қамтылатын пәндер: Қоғамтану, әлеуметтану, халықаралық қатынастар.
Сабақтың жабдықталуы: Көрнекті құралдар: Дүниежүзінің саяси карта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: