Сабақтың тақырыбы: Диалог және монолог.
Сабақтың мақсаты: мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсіндіре отырып, екеуінің айырмашылығын ұғындыру; сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған Жауап бере білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім. Үнтаспадан немесе бейнетаспадан ана мен баланың сөйлесуін және бір баланың өзінің анасы туралы әңгімелеуін тыңдату, көрсету.
Мысалы:
- Балам, қолыңдағы не?
- Күшік қой, апа.
- Оны қайдан алдың?
- Жолдан тауып алдым. Өзі сондай сүйкімді екен. Апа, қарны ашқан сияқты.
- Қазір ыдысқа сүт құйып берейік.
"Жер бетіндегі ең әдемі сөз - ана. Адамның алғашқы сөзі осы сөзден басталады. Мен анамды жақсы көремін. Анамның еңбегін ұмытпауым керек. Ананың жылы алақаны, мейірімділігі - мен үшін бақыт. Шынымен де, бұдан асқан бақыт бар ма?"
"Тыңдаған екі мәтіннен қандай айырмашылықтар байқадыңдар?" сұрағын қою арқылы екі мәтіннің айырмашылығы анықталады. Балалар бірінші мәтінде екі адамның сөйлескенін, ал екінші мәтінде бір баланың анасы туралы айтқанын айтады.
Негізгі бөлім.
а) Бұл бөлімде оқушыларға диалог пен монолог тура - лы теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, яғни мәтін түрлері - диалог пен мо - нолог, олардың өзіндік белгілері жатады. Ережені оңып, диалог екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі, ал монолог бір адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арнап айтқан сөйлеуі екеніне көздері жетеді.
ә) Оқушыларда диалог пен монологті ажырата алу дағдысы қалыптастырылады. Диалог пен монологтің өзіндік белгілеріне сай жаттығулар орындатылады. Оқулықтағы 1-жаттығуды көшіріп жазу арқылы диалогте әр сөйлеушінің сөзі сызықша а
Страницы: 1 | 2 > >>