Диолог, монолог - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 232
  • Скачиваний: 19

Сабақтың тақырыбы: Диалог және монолог.

Сабақтың мақсаты: мәтіннің диалог және монолог түрінде болатындығын түсіндіре отырып, екеуінің айырмашылығын ұғындыру; сөйлеушінің сөзін тыңдап, оған Жауап бере білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру.

Жаңа сабақ.

Кіріспе бөлім. Үнтаспадан немесе бейнетаспадан ана мен баланың сөйлесуін және бір баланың өзінің анасы туралы әңгімелеуін тыңдату, көрсету.

Мысалы:

- Балам, қолыңдағы не?

- Күшік қой, апа.

- Оны қайдан алдың?

- Жолдан тауып алдым. Өзі сондай сүйкімді екен. Апа, қарны ашқан сияқты.

- Қазір ыдысқа сүт құйып берейік.

«Жер бетіндегі ең әдемі сөз - ана. Адамның алғашқы сөзі осы сөзден басталады. Мен анамды жақсы көремін. Анамның еңбегін ұмытпауым керек. Ананың жылы алақаны, мейірімділігі - мен үшін бақыт. Шынымен де, бұдан асқан бақыт бар ма?»

«Тыңдаған екі мәтіннен қандай айырмашылықтар байқадыңдар?» сұрағын қою арқылы екі мәтіннің айырмашылығы анықталады. Балалар бірінші мәтінде екі адамның сөйлескенін, ал екінші мәтінде бір баланың анасы туралы айтқанын айтады.

Негізгі бөлім.

а) Бұл бөлімде оқушыларға диалог пен монолог тура­лы теориялық білім негіздері меңгертіледі. Оған өтілетін тақырыптың термині, яғни мәтін түрлері - диалог пен мо­нолог, олардың өзіндік белгілері жатады. Ережені оңып, диалог екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі, ал монолог бір адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арнап айтқан сөйлеуі екеніне көздері жетеді.

ә) Оқушыларда диалог пен монологті ажырата алу дағдысы қалыптастырылады. Диалог пен монологтің өзіндік белгілеріне сай жаттығулар орындатылады. Оқулықтағы 1-жаттығуды көшіріп жазу арқылы диалогте әр сөйлеушінің сөзі сызықша арқылы бөлінетіндігін меңгереді.

3-жаттығуды орындау арқылы диалог туралы алған білімдері беки түседі. Екі жаттығудағы мәтіндердің де диалог екенін дәлелдейді (Бұл мәтін - диалог. Өйткені мұнда екі адам сөйлесіп отыр. Біреуі сұрап тұр, ал екінші сөйлеуші жауап беріп тұр). Ал 2-жаттығу бойынша мәтін түрі -монологті ажыратады.

- Өлең диалог па, әлде монолог па?

- Монолог. Өйткені мұнда сөйлеуші - бір адам, яғни оқушы.

Ал 4-жаттығу бойынша алған білімдерін пысықтайды. Әр оқушы өз қалауымен сурет бойынша мәтіннің екі түрін - диалог және монолог құрастырады. Бірнеше оқушы құрастырған мәтіндерін оңып, мәтіндерінің диалог немесе монолог екенін дәлелдейді. Бұл жаттығуды үй тапсырмасы ретінде де беруге болады.

Оқушылар 5-жаттығу бойынша екі сөйлеушінің, яғни Алдардың сөзін бір сызықпен, байдың сөзін ирек сызықпен сызып шығады. Мәтінде сызылмай қалған сөздерді оқиды. Осылайша, сызылмай қалған сөз автор сөзі екенін біледі.

Жалпы, диалог пен монологті меңгерту барысында техникалық құралдарды пайдаланған тиімді. Мысалы: магни­тофон, теледидар. Мұғалім сабақта қолданатын материалын алдын ала дайындап алғаны дұрыс. Таспаға жазылған мәтіндер, яғни диалог пен монологтің әрбір сөзі екпінмен ажыратылып жазылуы тиіс. Сондай-ақ мәтінді оқуда дауыс анық естілуі тиіс. Осындай көрнекі құралдардың арқасында оқушы өз даусын, айтылу қасиетін, басқа біреудің сөзіндегі Дауыстың шығу және айтылу ерекшеліктерін байқайды. Мұндай жұмыстар оқушының бақылағыштық қабілетін дамытады.

Сабақты қорытындылау.

1.     Оқушылардың қалауымен өздерінің сүйікті ертегілерінің бірін сахналайды.

2.     «Менің болашақтағы жоспарым» тақырыбында моно­лог құрастырады, бірнеше оқушы монологтерін оқиды.

 

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: