Диолог, монолог

Страницы: <<  <  1 | 2

рқылы бөлінетіндігін меңгереді.
3-жаттығуды орындау арқылы диалог туралы алған білімдері беки түседі. Екі жаттығудағы мәтіндердің де диалог екенін дәлелдейді (Бұл мәтін - диалог. Өйткені мұнда екі адам сөйлесіп отыр. Біреуі сұрап тұр, ал екінші сөйлеуші жауап беріп тұр). Ал 2-жаттығу бойынша мәтін түрі -монологті ажыратады.
- Өлең диалог па, әлде монолог па?
- Монолог. Өйткені мұнда сөйлеуші - бір адам, яғни оқушы.
Ал 4-жаттығу бойынша алған білімдерін пысықтайды. Әр оқушы өз қалауымен сурет бойынша мәтіннің екі түрін - диалог және монолог құрастырады. Бірнеше оқушы құрастырған мәтіндерін оңып, мәтіндерінің диалог немесе монолог екенін дәлелдейді. Бұл жаттығуды үй тапсырмасы ретінде де беруге болады.
Оқушылар 5-жаттығу бойынша екі сөйлеушінің, яғни Алдардың сөзін бір сызықпен, байдың сөзін ирек сызықпен сызып шығады. Мәтінде сызылмай қалған сөздерді оқиды. Осылайша, сызылмай қалған сөз автор сөзі екенін біледі.
Жалпы, диалог пен монологті меңгерту барысында техникалық құралдарды пайдаланған тиімді. Мысалы: магни - тофон, теледидар. Мұғалім сабақта қолданатын материалын алдын ала дайындап алғаны дұрыс. Таспаға жазылған мәтіндер, яғни диалог пен монологтің әрбір сөзі екпінмен ажыратылып жазылуы тиіс. Сондай-ақ мәтінді оқуда дауыс анық естілуі тиіс. Осындай көрнекі құралдардың арқасында оқушы өз даусын, айтылу қасиетін, басқа біреудің сөзіндегі Дауыстың шығу және айтылу ерекшеліктерін байқайды. Мұндай жұмыстар оқушының бақылағыштық қабілетін дамытады.
Сабақты қорытындылау.
1. Оқушылардың қалауымен өздерінің сүйікті ертегілерінің бірін сахналайды.
2. "Менің болашақтағы жоспарым" тақырыбында моно - лог құрастырады, бірнеше оқушы монологтерін оқиды.







Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: