гiзi -- отбасының бейнесi. Шаңырақ -- Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ -- киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар -- дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар -- қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары -- Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - ХХ ғасырдың соңында тәуелсіздік алған ҚР тұңғыш президенті. Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында өмірге келген. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор, өнерлі жандар болған. Н. Ә. Назарбаевтың мамандығы - металлург. Жалынды жастық шағын Теміртау мен Қарағандының домна пештерінде болат балқытуға, Днепродзержинскийдегі құрыш білек әріптестерімен тәжірибе алмасуға және өз ортасының жас лидері ретінде небір жалынды істердің ұйытқысы болуға арнады, спортпен шұғылданады. Қырыққа жетпей ел басшылығына араласты. Қырық төрт жасында Үкімет төрағасы болды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 1999 жылы Республика Президентін бүкіл халық болып,
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>