Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

саласындағы басқа майталман адамдармен бірге жұмыс істеді. . Ілияс Есенберлин өзінің бірінші тарихи романы 1965 жылы "Қаһар" кітабын үш айдың ішінде жазып, кейін оның атауын "Көшпенділер" деп өзгертті. Бұл кітаптан кейін "Алтын Орда", "Қатерлі өткел", қазіргі заманның өзекті тақырыбындағы "Алтын құс", "Айқас" кітаптарын жазды.
Жазушы 1983 жылдың 5 қазанында қайтыс болды. Биыл ақынның 100 жылдық мерейтойы республика бойынша тойланып өтті.

Бала Абай

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен, қолы-аяғы ұзарып қалыпты. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарған. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімденген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазір қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған, сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қалыңданып көрінеді. Ол да ауырғандық пен күн көзінде болмағандықтың белгісі. Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.
Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден кеп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек, бір дос тапты. Онысы, әсіресе әжесі. Одан қала берсе шешесі.
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады.
Сонда ол ойланып отырып:
- Е-е. . . Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? - деп, кішкене тақпақтап бастап еді, Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда, ә

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: