н қазба байлықтар қорынан алдынғы орында тұр. Вольфрам, қорғасын, барий қорынан дүниежүзінде 1-ші орында. Хромит, күміс және мырыштан 2-ші орын, марганец қорынан 3-ші орын, мыс мөлшерінен 4-ші орында тұр. Уран рудасынан 5 орын, алтыннан 6-шы орын, темір рудасынан 7-ші орын, қалайы мен никельден 8-ші орын, көмір мен газ қорынан 9-шы орын алады. Ал, мұнай қоры жөнінен Қазақстан әлемде мұнайға бай Парсы елдері, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ-тан кейін 13-ші орын алып отыр. Бұл ғаламат байлық. Түған жердің ырысы онда өмір сүретін жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі, жер асты байлықтарынан да көрінеді. Ол барша қазақстандықтардың мақтанышы.
Әрбір қазақстандық үшін туған жерден ыстық, туған жерден артық, қадірлі де қымбатты ештене жоқ. Қазақстан жерінде жүздеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Ата-баба мұраға қалдырған ғажап мекенде әрбір адамға өлшеусіз байлық, қамқорлық , сая бар. Қазақстан-бәріміздің ортақ үйіміз, құтты мекеніміз.
Базалық деңгейге арналған
мазмұндамалар топтамасы
Қонақжайлық
Мен Астана қаласында тұрамын. Астана жыл өткен сайын көркейіп, дамып келеді. Біздің компанияға Лондон қаласынан бірнеше әріптестеріміз келді. Күн сайын гүлденіп, көркейіп келе жатқан қаламыздың көрікті жерлерімен таныстырып, кешкісін шетелдік әріптестерімді қазақтың ұлттық тағамдарымен таңғалдырғым келді. Оларды Есілдің сол жағалауындағы "Жерұйық" мейрамханасына апардым. Жерұйық - Астанадағы ең ірі мейрамханалардың бірі. Мейрамхана алдында жаңа саябақ бар. Саябақтың ауасы кең әрі таза. Орындықтары да өте әдемі. Онда түрлі ағаштар мен сан алуан гүлдер өсіп тұр. Мейрамхананың іші ұлттық нақышта безендірілген. Төбесінде шаңырақ, қабырғасы уықтармен қоршалған. Мен әріптестеріме қа
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>