Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

р. Барлық шаңғының ұзындығын айтып беріңдер. Балақайға шаңғы таңдап беріңдер.
Педагог балаларға заттарды қатар қою немесе беттестіріп қою арқылы салыстыруға болатындығын естеріне салады.
-Енді балақайға шаңғы таяқтарын таңдауға көмектесуіміз керек. Оларды да ең қысқасынан ұзынына қарай қойып шығыңдар. Шаңғы таяқтарын ұзындығы бойынша атаңдар. Олар қандай?


"Ненің жұбы болады"
Мақсаты:Балаларға қандай заттардың жұпсыз болуы мүмкін емес екендігін көрсету, "жұп" ұғымын бекіту.
Тәрбиеші киімдер мен аяқ киімдер бейнеленген суреттерді көрсетеді.
Балалар жұпсыз болмайтын заттарды атайды: шұлық (носки), аяқ киім, қолғап, т. б. Олардың неліктен жұпсыз болмайтындығын түсіндіреді.
- Егер Карлсон жай, ал балақай жылдам жиналса, олардың қайсысы далаға бірінші шығады?
- Ал қазір Карлсон сендерді таудан шанамен сырғанауға шақырады. Алайда бір шанаға тек екі бала ғана отыра алады, ал үшіншісі - "артық". Кім жылдам қимылдаса, сол шанаға отыруға үлгереді, кім баяу - "үшінші артық адам" болады.

"Сандар шатасты"
Мақсаты: Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы білімдерін нығайту.
Балалар тәрбиешінің берген бұйрығы бойынша көздерін жұмады. Тәрбиеші сандардың орнын ауыстырады немесе алып тастайды. Балалардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді аурулардың саны неше болды? Неге осынша?
- Қане, тексеріп көрейік (санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын келгісі келді. Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке тұру).
- Кім бірінші? Кім

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: