әрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды. 
- Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы. 
Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған. 
"Жануарларды орналастыр" 
Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету. 
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды. 
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр. 
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр. 
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр. 
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр. 
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
- Неше үйшік екенін санаңдар. Осы санды цифрмен көрсетіңдер. 
- Неше аң? Цифрмен көрсетіңдер. 
- Қай сан артық? 4 пе, әлде 5 пе?
- Аңдардың қайсысы артық? Неге?
Балалардың нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін. Балалардың өз ойларын айтуына мүмкіндік беру. 
"Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап" 
Мақсаты: Балаларды "жұп" ұғымымен таныстыру. 
Тақтаға мультфильмнің кейіпкерлері әр жерге ілінген. 
Балалар бір мультфильмнің екі кейіпкерлерін тауып, оларды жұптастырып қоюлары тиіс. Содан кейін балалар неше жұп болғанын, қайсысы жұпсыз екендігін анықтайды. 
- Балақай мен Карлсон далаға шығуға дайындалды. Олар өздерімен бірге нені алу керектігін ойланды (спорт құрал - жабдықтары көрсетілген сурет). 
- Оларға таңдауға көмектесіңдер. Өз таңдауыңды түсіндір. 
- Балақай шаңғы тебуді ұйғарды. Шаңғыны ең қысқасынан ең ұзынына қарай тақтаға қойып шығыңда
		Страницы: << < 22 | 23 | 24 | 25 | 26 > >>
