Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>

Таяқшалардан әртүрлі пішіндер құрастыру. 5. Тәрбиеші 7 санына байланысты 7 күн, 7 түс, 7 шелпек ұғымдарын түсіндіреді.
"Жеті" - көсеу баяғы,
Жалғыз оның аяғы.
7 цифрын жазып үйрену, . 7 санының құрамын ажыратып, дәптердегі өзіндік жұмыстарды орындату.


"Суретші қай жерде қателесті?"
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алға үйрету.
Ойынның мазмұны.
Тәрбиеші суретшінің "Қыс" тақырыбына сурет салғанын айтады. Балалардан оның бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Балалар қыс мезгілінде болмайтын көріністерді тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады.


Сөздік
1-нұсқа.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы сөйлемді таңдайды. Ол сөйлемді бастайды, балалар аяқтайды.
Күзде жаңбыр жауады, ал қыста. . . (қар жауады).
Көктемде ағаштар бүршік жарады, ал күзде. . . (жапырақтар түседі).
2-нұсқа. (көлем туралы).
Бұта аласа, ал ағаш. . . (биік).
Бұлақ тар, өзен. . . (кең).
Тәулік бөліктері туралы.
- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал. . . түскі ас ішеміз.
- Біз кешке тамақ ішеміз, ал. . . жаттығу жасаймыз.
- Түнде біз ұйықтаймыз, ал. . . серуендейміз.
- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал. . . ұйықтаймыз.
- Күнді күндіз көреміз, ал жұлдызды. . . көреміз.


"Заңдылығын тап"
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, заңдылықты қоя білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші 9 тор көзден тұратын, олардың алтауы заттармен кезектесіп отыратын кесте бар. 3 зат үстелдің үстінде жатыр. Орналасу заңдылығын анықтап, заттарды өз тор көздеріне қояды. Егер балалар тапсырманы дұрыс орындап, өз әрекеттерін түсіндіруде қиналатын болса, онда тәрбиеші оларға көмектеседі.

"Не жоқ?" дид

Страницы: <<  <  25 | 26 | 27 | 28 | 29  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: