-күйлерін сұрайды. Балалардан құралдарды жинауға көмек сұрайды.
Балалар мұғалімге сабақ туралы пікірлерін және кездескен қиыншылықтар туралы айтады.
Мұғалімге құралдарды жинауға көмектеседі.
5 мин
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жүгіргенде мұрынмен дем алып, ауызбен шығару.
Болу: Екі аяқты қоса жерден қатты итерілу.
Қолдану: Қазақтың ұлттық ойындарының аттарын, ережесін білу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 65
Білім беру саласы: "Денсаулық".
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1. Көлбеу тақтаймен жүру.
2. Қашықтығы 4 метр аралықта екі аяқпен кезек-кезек алға жылжи секіру.
3. Допты қабырғаға лақтырып, қос қолмен жерден қағып алу.
Мақсаты: 1. Тепе-теңлікті сақтау.
2. Жерден аяқтың ұшымен қаттырақ итерілу.
3. Қабырғадан түскен допты кеудеге қыспай қағып алу.
Ойын: "Аталған бала допты қағып алады".
Іс-әрекет
мақсаты
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Уақыты
Дәлелдеп-талаптану
Мұғалім балаларды спорт залына кіргізеді. Бір қатарға тұрғызып, амандасады. Балалардың көңілін сұрап, сабақтың тақырыбын айтады.
Балалар бір тізбек жасап спорт залына кіріп, жүреді, жүгіреді. Амандасып, өз көңіл-күйлерін айтады. Сабақтың тақырыбымен танысады.
3 мин
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балаларды бір қатарға тұрғызып жүргізу, жүгірту. Дамыту жаттығуларын доппен жасатады.
1. Көлбеу тақтаймен жүруді көрсетеді.
2. Қашықтығы 4 метр аралықта екі аяқпен кезек-кезек алға жылжи секіруді түсіндіріп, көрсетеді.
3. Допты қабырғаға қос қолмен жерден қағып алуды түсіндіріп, көрсетеді.
4. "Аталған бала допты қағып алады" ойынын айтып түсіндіреді.
Страницы: << < 79 | 80 | 81 | 82 | 83 > >>