аларды қарама-қарсы қойып, дөңгелекті қолдарына беру. Қолдарын дөңгелектің үстіне қойып дөңгелектерді қолмен артқа және алға дөңгелетуді көрсетіп, түсіндіру.
3. Балаларға құрсаудан өтуді көрсетеді.
4. "Балапандар" ойынын айтып түсіндіреді.
Балалар мұғалім айтқандай жүреді, бұрылады, тоқтайды, жүгіреді. Дамыту жаттығуларын жасағанда мұғалімнің есебін тыңдайды.
1. Мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындайды.
2. Балалар дөңгелектерді қарама-қарсы тұрған балаға домалатады.
3. Балалар тұрып құрсауды ұстайды. Қалған балалар екі звеноға бөлініп, денелерін тигізбей құрсаудан өтеді.
4. Балалар 3 звеноға бөлінеді. Ең алдында тауық болып сайланған бала тұрады.
Артында балалар бір-бірінің белінен ұстап балапандары болып тұрады. Мысық балапандарды ұстағанда, тауық балапандарын қорғайды.
17 мин.
Рефлекстік түзету.
Балаларды бір қатарға тұрғызып, сабақ туралы өз пікірлерін және көңіл-күйлерін сұрайды. Балалардан құралдарды жинауға көмек сұрайды.
Балалар мұғалімге сабақ туралы пікірлерін және кездескен қиыншылықтар туралы айтады.
Мұғалімге құралдарды жинауға көмектеседі.
5 мин
Күтілетін нәтиже:
Білу: Далада секіргішпен ойнау.
Болу: Секіргіш жерге түскенде, бір аяқты алға қойып секіруді үйрету.
Қолдану: Құрсаудан өткенде денені құрсауға тигізбеу.
Ересектер тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 60
Білім беру саласы: "Денсаулық".
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1. Тоқтаусыз жүгіруге жаттықтыру.
2. Құрсауды дөңгелетіп жүргізу.
3. Доппен секіру ойын жаттығуы.
Мақсаты: 1. Жүгіргенде дұрыс дем алуға үйрету.
Страницы: << < 77 | 78 | 79 | 80 | 81 > >>