Білім беру саласы: "Денсаулық".
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: 1. Қашықтығы 80 м. жүру, жүгіру. 2. Секіру, доппен ойын жаттығулары.
Мақсаты: Қолдың жақсы жұмыс жасауын қадағалау, үйлесімділікпен секіруді қалыптастыру.
Ойын: "Қаздар-қаздар".
Іс-әрекет мақсаты
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Уақыты
Дәлелдеп-талаптану
Мұғалім балаларды спорт залына кіргізеді. Жүргізеді, жүгіртеді, бір қатарға тұрғызып, амандасады. Сабақтың тақырыбымен таныстырады.
Балалар бір тізбек жасап спорт залына кіріп, жүреді, жүгіреді.
Амандасып, сабақтың тақырыбымен танысады.
3 мин
Ұйымдастырушылық ізденіс
Үш-үштен бөліп дамыту жаттығуларын жасатады.
1. Тепе-теңдік, секіру, доппен ойын жаттығуларын түсіндіріп, көрсетеді.
2. Үш-үшке бөлініп пингвин сияқты секіруді үйретеді.
3. Шеңбер жасап допты бір-біріне қалай лақтыру керектігін көрсетеді.
4. "Қаздар-қаздар" ойынының шартымен таныстырады.
5. Балалар мұғалімнің белгісімен кезек-кезек жүгіреді.
Бір-бірінен қалмай жүреді, жүгіреді.
1. Балалар арқанның үстімен қолдарын белге қойып оңға, солға жүреді.
2. 3 звено жасап, допты аяқтың арасына қысып секіреді.
3. Балалар арасынан жүргізуші сайланады, балалар шеңберге тұрып допты бірі-біріне лақтырады. Ал, ортадағы жүргізуші лақтырылған допты тосып алуы қажет.
4. Ортаға кемпір сайланады, қалған балалар қаздар. Кемпір қаздарды шақырғанда, қаздар қасқыр бар деп шықпайды. Бұл маңда қасқыр жоқ дегенде, қаздар кемпірге қарай ұшады. Сол кезде қасқырлар қаздарды ұстап алады. Ұсталған қаз ойыннан шығады.
5. Балалар тізбек жасап жүреді, жүгіреді.
Страницы: << < 71 | 72 | 73 | 74 | 75 > >>