саты
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Уақыты
Дәлелдеп-талаптану
Мұғалім балаларды спорт залына кіргізеді. Жүргізеді, жүгіртеді, бір қатарға тұрғызып, амандасады. Сабақтың тақырыбын айтады.
Балалар бір тізбек жасап спорт залына кіріп, жүреді, жүгіреді.
Амандасып, сабақтың тақырыбымен танысады.
3 мин
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балаларды бір тізбек жасатып жүргізеді, жүгіртеді. Дамыту жаттығуларын жасауға көмек береді.
1. Екі аяқпен кезек-кезек алға жылжып секіруді көрсетіп, түсіндіреді.
2. Допты екі қолмен жоғарыға лақтырып, алақанды шапалақтап тосып алуды көрсетеді.
3. "Қояндар мен аңшы" ойынының шартымен таныстырып, ойнату.
Балалар бір тізбек жасап жүреді, жүгіреді. Дамыту жаттығуларын жасайды.
1. Балалар қолдарын белдеріне қойып, аяқтың ұшымен бір аяқтан екінші аяққа кезек-кезек секіреді.
2. Допты екі қолмен жоғарыға лақтырып, алақанды шапалақтап тосып алу.
3. Ортадан бір аңшы сайланады, қояндар 2-3-тен өз үйлерінде отырады.
Аңшы қояндарды іздері арқылы іздеп таба алмаған соң кетіп қалады.
Аңшы кеткенде қояндар алаңға шығады. Көріп қалған аңшы қояндарды ұстайды. Ұсталған қоян ойыннан шығады.
17 мин.
Рефлекстік түзету.
Балаларды бір қатарға тұрғызып, сабақ туралы өз пікірлерін және көңіл-күйлерін сұрайды. Балалардан құралдарды жинауға көмек сұрайды.
Балалар мұғалімге сабақ туралы пікірлерін және кездескен қиыншылықтар туралы айтады.
Мұғалімге құралдарды жинауға көмектеседі.
5 мин
Күтілетін нәтиже:
Білу: Аяқтың ұшымен бір аяқтан екінші аяққа секіру.
Болу: Допты жоғарыға лақтырып, алақанды шапалақтап екі қолмен тосып алу.
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>