. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу
10. Бұл қаржы жүйесіне әсер ету процесі.
а) қаржыны басқару
б)қаржы саясаты
в) қаржылық стратегия
г) кедендік бақылау агенттігі
ғ) қаржылық тактика
д) қаржы механизмінің блогы
е) қаржы механизмінің элементі
ж) ҚР қаржы жүйесі
з) қаржы саясатының қағидаты
и) қаржы саясатының негізгі мақсаты
Пайдаланылған әдебиеттер: 6,10,12,13,18.
5 ТАҚЫРЫП. ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ МЕН БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5. 1. Қаржыны басқару туралы ұғым және оның мән мағынасы
Қаржыны басқару - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге ықпал етудің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Заң талаптарына сәйкес қызметтерді пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қаржыны, бағаны, кредитті және де өндірістік қатынастарды әртүрлі нысанаға сәйкес басқару. Қаржыны басқару дегеніміз - бұл қаржыны экономикалық әлеуметтік жүйеде жетілдіру және дамыту мақсатымен, сондай-ақ қаржы қатынастарының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
Қаржыны басқарудың мақсаты - бұл мақсатты макроэкономикалық теңдікті, мемлекеттік борыштық азаюын, ұлттық валютаның беріктігін, сонымен бірге мемлекет пен қоғамның экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрсетілген қаржының тұрақтылығымен тәуелсіздігі болып табылады.
Қаржыны басқарудың мынадай принциптері бар:
1. Басқарудағы демократизм - басқару кезінде әртүрлі заңдарға сәйкес орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттарын ерікті түрде басқару.
2. Қаржы мәселесіне саяси
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>