ланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге немесе дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізгі қағидаттары:
1. Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының әлеуметтік ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.
2. Қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдарын қамтамасыз ету.
3. Қаржы жүйелерінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен
шығындардың тең болуы.
4. Қаржы резервтерін жасау.
5. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу.
2. 1. Қаржы саясатын жүзеге асыру механизмінің мазмұны және құрылымы
Қаржы механизмі - бұл экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысанының қаржы ресурстарын қалыптастырып, оларды пайдалану әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қоғамның, шаруашылықтың, жеке бөлімінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары олардың бөлінуінің негізінде қаржы механизмі және мемлекет қаржының механизмі болып бөлінеді. Қаржы механизмінің құрылымын сипаттау үшін оның буындар ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйелері қаржы блогы және қаржы элементтері болады.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі - бұл неғұрлым маңызды қозғаушы күшті ұйымдастырудан, қаржылық жоспарлаудан, қаржы жүйесінің құқықтық режимінен және қаржыны ұйымдастырудан тұратын жүйе болып табылады.
Қаржы механизмінің блогы - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтерінің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан болып табылады. Ол арқылы қоғ
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>