сі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ мерзімге арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыты мынадай:
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2. Дағдарысты жою және қаржы жүйесін сауықтыру, жетілдіру;
3. Халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Сондықтан қазіргі жағдайда қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсу бағытына көшіру, ұлттық шаралардың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселенің сипатына қарай мемлекеттің қаржы саясаты - қаржы стратегиясы және қаржы тактикасы болып 2-ге бөлінеді:
1. Қаржы стратегиясы - бұл экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы болып табылады. Ол макроэкономикалық үрдістің дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған. Ал олардың шеңбердегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады.
2. Қаржы тактикасы - бұл қаржы байланысын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған.
Қаржы саясатының негізгі мақсаты - бұл қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған бай
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>