Тап-таза салқын су шаршағанымызды басып, денемізді сергіте түскендей, бойымызға ерекше күй, күш-қуат бергендей. Судың біз үшін қаншалықты пайдалы екенін түсінгендейміз. Осы жақсы ойымызбен бұрынғы қалпымызға келейік. ъ
- Су - бізге тазалық жанымызға тыныс, сұлулық береді. Су болмаса өсімдіктер өспейді, ал өсімдіктер болмаса таза ауа болмайды. Таза судың болмауы біздің денсаулығымызға зиянын келтіреді.
Су табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні,
Суға түсіп алғайсың.
оқушы: Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің.
Үйде ванна, душ болса,
Салқын сумен құйынғың.
Ыстық сумен шомылсаң,
Салқын сумен шайынғың.
Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Тұнық таза ауамыз,
Сылдыраған судаймыз.
Журналымыздың 3 беті: "Тазалық- денсаулық кепілі"
Видео или Көрініс "Тәтті алма" М. Әбдірашева
3- оқушы: Гигиена - бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі - жиі жуын сен:
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз - түсте де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар кезіңде,
Жуын тұрған мезгілде.
4- оқушы:Еріншектен - салақтық,
Салақтықтан - надандық.
Бірінен бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Еріншек таза жүре алмас,
Кір қолын да жуа алмас
Қаракет жоқ, ғылым жоқ
Өз бойынан ұялмас.
5- оқушы: Жақсы бала құлақ сап,
Істемейді шалалық,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық
Тап - таза боп жуынып,
Алады өзі таранып.
6- оқушы:Сымбат - мүсін дегенің
Бітім - көркі денеңнің.
Сымб
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>