аударайық:
1. Астыңда әдемі машина, бірақ қатты ауырады- ол адам бақытты ма? - жоқ.
2. Өзінде көп ақшасы бар, бірақ ауырады- ол адам бақытты ма?- жоқ.
3. 3 үйі бар, көп- көп малы бар, ол да ауырады- сол адам бақытты ма?- жоқ
oo Ал сонда дүниедегі ең басты бақын не екен? - ДЕНСАЛЫҚ
oo Міне, сызба бойынша біздің ең үлкен байлығымыз денсаулық екенін байқап отырсыңдар. Денің сау болса, білім аласың, еңбек етесің. Еңбектенген адамға мал да, машина да, жұмыс та, ақшада да бітеді. Олай болса, деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да, әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1- оқушы: Денсаулық ол - шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
2- оқушы: Денсаулық ол - күлуің
Көңіл - күйің жадырай,
Денсаулық ол - жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Журналымыздың 2 беті: "Табиғат"
Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа-денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады сондықтан да, табиғатты сүю жанға саулық береді.
оқушы:Басты байлық денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Ол үшін көп қозғалып,
Таза ауа жұт көбірек.
Оқушы. Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.
Тыныштық сәті:
(Сылдырлаған судың дыбысы шығып тұрады)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көзімізді жұмып, ауаны терең жұтып, еркін тыныс аламыз. Міне, сылдырай ағып жатқан таза су әуенімен су кереметіне малынайық. Бәріміз де су айдынында қалықтап жүзіп бара жатқандаймыз. Суға малтып, қуанышымыз қойынымызға сыймай барады.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>