>16. Спорттық - бұқаралық іс - шаралар өткізілетін спорттық ғимараттардың ұйымдары:
1) объектілердегі инженерлік жүйелер мен хабарлау жүйелерінің, ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбырларының тоқтаусыз жұмысын, мекемелер мен ғимараттар құрылысының сенімділігін, бұқаралық - спорттық іс - шараны өткізу кезінде ілінбелі құлыпты қолданбауды, жеңіл ашылып шығу - кіруді (есіктерді, қақпаларды) қамтамасыз ете отырып, трибуналардың, эвакуациялау жолдарының дайындығын, қызмет көрсетуші адамдардың болуын, олардың қызметтік нұсқаулықтарына сәйкес іс - қимылын бақылауды;
2) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушыларды орналастыру үшін орындарды, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін, қызметшілерді, көпшілік қолданатын орындарды, үй - жайлардың арена мен аумақтың санитарлық - гигиеналық тәртібін, өрт сөндіру құралдарының дайындығын;
3) өрт техникасының спорттық ғимараттарға еркін кіруін және жақындауын;
4) спорт ғимараттарында (көрнекі жерлерде) қауіпсіздік белгілерін, көрсеткіштерді, көрермендер тәртібі ережелері мен плакаттар, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар мен эвакуация жоспарларын ілуді;
5) спорттық - техникалық құрал - жабдықтардың жарысты өткізу ережелеріне сәйкес келуін, олардың функционалдық және табельдік белгісінің жарамдылығын;
6) көрермендер мен қатысушыларды іс - шаралар жарнамасымен, ақпараттармен, спорт ғимаратынан эвакуациялау тәртібін функционалдық және табельдік белгісімен көрсету;
7) бұқаралық - спорттық іс - шараларға билеттер таратуды;
8) бақылау - өткізу тәртібімен қатысушылар және көрермендерді ареналар мен трибуналарға билеттер мен рұқсат қағаздарына сәйкес орналастыру;
9) қоғамдық тамақтану, медициналық қызмет көрсету орындарымен бірлесе отырып, сондай - ақ көлік қозғалысы мен тұрақты, киім шешу, сақтау бөл
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>