аралық іс - шараларды өткізуді, қоғамдық тәртіп пен көрермендер мен қатысушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қиындататын жағдай анықталған кезде, ұйымдастыру комитеті аталған спорттық жарысты және спорттық - бұқаралық іс - шараны өткізуге тыйым салу немесе оны көрермендерсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді.
13. Спорттық жарыстар немесе спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу мен оған дайындық кезінде барлық қатысушы ұйымдардың қызмет көрсетуші адамдары мен техникалық құралдарының қажетті саны іске қосылады.
14. Спорттық жарыстар немесе спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде спорттық ғимараттарда алкогольді ішімдіктер және шыны ыдыстардағы сусындар сатуға тыйым салынады.
4. Спорттық - бұқаралық іс - шараларды дайындауға және оны
өткізуге тікелей қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптар
15. Спорттық - бұқаралық іс - шараларды ұйымдастырушылар:
1) осы Қағиданың 2 - тармағында көрсетілген мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кешенді спорттық іс - шараларға қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу үшін спорттық - техникалық талаптарды, бағдарламаны, регламентті, басқа да арнайы талаптарды көрсете отырып, спорт түрлерінен жарыстар қағидасын, кешенді бұқаралық - спорттық іс - шараларды - 3 ай; облыстық, қалалық және аудандық жарыстарды - жарыстың басталуынан 1 ай бұрын ұсынады;
2) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушыларды, төрешілерді, көмекші қызметкерлерді (олардың ғимаратта техника қауіпсіздігі және ішкі тәртіп ережелерін білуі және сақтауы) дайындауды;
3) спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу қағидаларын орындауды, көмекші қызметкерлердің өз функционалдық міндеттерін атқаруын;
4) спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушылардың уақытылы келуін қамтамасыз етеді.
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>