рттық жарыстарға спортшылар спорттық жетістіктерге қолжеткізу үшін, жарыстарды өткізу регламентіне сәйкес қатысады.
Спорттық - бұқаралық іс - шараларда дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұлғалар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қатысады.
11. Спорттық жарыстарды және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу регламентін ұйымдастырушы (ұйымдастырушылары) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м. а. 2010 жылғы 18 қазандағы 01 - 01 - 07/146 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 6617 тіркелген Спорт түрлерінен жарыстардың ережесіне сәйкес бекітеді.
12. Спорттық жарыстар және спорттық - бұқаралық іс - шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік құрылымдық бірліктің әкімі орынбасарының төрағалық етуімен спорттық жарыстар және бұқаралық - спорттық іс - шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрылады. Бұл ұйымдастыру комитетінің құрамына мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіреді.
Осы Қағиданың 2 - тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар спорттық жарыстар және бұқаралық - спорттық іс - шараларды өткізу кезінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына енгізеді.
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық - бұқаралық іс - шараларға қатысушылардың және көрермендер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, спорттық жарысты және спорттық бұқаралық іс - шараны өткізуге кемінде 4 сағат қалғанда объектіні оперативтік - техникалық қадағалауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды. Спорттық жарыстар және спорттық - бұқ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>