ДЕҢГЕЙЛІК МЕҢГЕРУДЕ ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

тілін меңгеру саласы бойынша қазіргі әдістемеші ғалымдар үш деңгейлік меңгеру әдістемесі ұсынуда. Мұнда әрбір деңгейдің өз мақсаты мен міндетін саралаумен байланысты. Ғалым Қ. Қадащева қазақ тілін деңгейлік игеруге ұсынған бағдарламасында сатылап меңгерудің үш деңгейін (1-қарапайым деңгей;2- орта деңгей;3-жоғарғы деңгей) нақты көрсетеді (2,755-80 б).
Қазақ тілі шет тілі ретінде //Казахский и русский языки в программах атты бағдарламада қазақ тілі шет тілі ретінде де деңгейлік меңгерудің әрбір деңгейі нақты практикалық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Тілді алдымен элементарлық меңгеру бойынша алып ,оның ішінде бастапқы деңгей, негізгі деңгей,жалғастырушы деңгей қарастырылады,кейінен еркін меңгеруді,яғни жоғарғы денгейді қалыптастыру болып табылады. (3,3б).
Қазақ тілі екінші тіл ретінде деңгейлік меңгеруде оқушылар қазақ тілімен терең танысып,тұрмыстық жағдайда белгілі бір тақырыптарды өзі туралы толық мәлімет беріп,өзге адамнан мәлімет ала алатындай дәрежеде тілдік ортаға бейімделуі тиіс. Сондай- ақ ,тіл меңгеруде лексикалық материалдар интенция түрінде беріліп,өзге тіліді аудиторияларда әр түрлі жағдайда қазақ тілінің ауызекі сөйлесу үлгілерін пайдалана білуге үйретеді.
Оқушының қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеруі,оның коммуникативтік компетенциясының қалыптасуын қамтамасы етуге бағытталған көп деңгейлі,көп қырлы күрделі үдеріс. Қазақ тілі екінші тіл ретінде меңгеру үдеріс бойынша бірінші сабақтан бастап тіл үйренушінің әрбір үйренген жаңа сөзі оның белгілі бір сөйлеу интенциясының жүзеге асуына,коммуникативтік қажеттілігінің орындалуына көмектеседі. Мұндағы тіл үйренушінің бағдарлама бойынша жүзеге асады. Әрбір жана сөз сөйлемде өзінің орны,қатынаста үйренушіге қызмет жасайды.
Өзге тілді меңгеру үйренетін тілдің лингвистикалық ережелері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: