ДЕҢГЕЙЛІК МЕҢГЕРУДЕ ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘСЕЛЕСІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сулейменова Айсулу Багитжановна
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің 22 орта мектебі »ММ-сі
Е-mail: dariya. dosmagambetovamail. ru
ДЕҢГЕЙЛІК МЕҢГЕРУДЕ ДИАЛОГТЫҚ СӨЙЛЕУ МӘСЕЛЕСІ.
Қазақ тілі бір ұлт пен екінші ұлттың арасында түсінісу,сөйлесу құралы болуы үшін қазақша сөйлеуді қалыптастыру керек. Қазақ тілі екінші тіл ретінде осындай мақсатты жүзеге асыру үшін меңгеріледі. Сол себепті де оқушылар тілді қарым-қатынас қатынас құрады ретінде қолдану үшін үйренеді. Тіл меңгеру осы мақсатқа негізделіп жүргізіледі.
Қазақ тілі екінші тіл ретінде деңгейлік меңгеруде өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлеуін қалыптастыру ,қазақ тілі терең меңгерту мәселесі ең алдымен ауызекі сөйлеу тілінің табиғатың танытып үйретуден басталады. Оқушылар өзге тілді сыныптарда қазақ тілін коммуникативтік мақсатта меңгеру ісі соңғы жылдарда өзекті бола бастағаны белгілі. Қазақ тілі іс жүзінде қолданылу аясы да,ең алдымен,сол тілді меңгеру жүйесіне қатысты жасалған бағдарламаға тікелей байланысты болып келеді. Бағдарлама бүкіл тіл меңгеру үдерісіне ғана емес,әрбір тіл үйренуші үшін де қажетті құрал болып саналады. Бағдарлама тіл меңерудің негізгі мақсатына жетудегі жетекші құрал болып табылады. Жалпы бағдарламада шетел азаматтарына арналған қазақ тілін көп деңгейлік меңгерудегі жүйесінің моделі беріледі.
2001 жылы Еуропалық елдер достастығымен бірінші рет шет тілдерін деңгейлік оқыту бойынша жалпы мәселе көтеріледі. Бүгінгі күнде қазіргі тілдерді меңгерудің біркелкі кеңістігін қалыптастыру мақсатымен Еуропалық Кеңес жобасының швейцариялық үлгісі бойынша жасалған «Еуропалық тілдік портфельде » тіл меңгерудің алты деңгейі қарастырылған . Еуропалық елдерде тілді үйретудің 6 деңгейіне бағыт алды. Бұл кез келген шет тілін меңгерушілерге арналған бағдарлама /1/
Қазақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: