ңгейін көрсетеді. Олимпиадалық есептер, шығармашылық тапсырмалар - білімгерлердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Ұтымды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.
Экономика пәнінде білімгерлерді "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау және мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
Білімгерлердің деңгейлік және логикалық ойлауын дамытуға оқу белсенділігін арттыруға, барлық білімгерге қатысты әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы білімгерлердің сапасын арттыру;
Білімгерлердің өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар мен жазба жұмыстарын орындау арқылы білімгерлердің қызығушылықтарын арттыру;
Білімгерге жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулу.
Бүгінгі күнге дейін сабақтың екі кезеңі анықталған болатын: мұғалім басшылығымен жұмыс және өздігінен орындалатын жұмыс. Бұл екі кезең "үлкен сабақтың" өн бойында бірнеше рет қайталанып отырады. Енді осы сабақтардың ұйымдастыру барысына тоқталайық: ортақ тақырыптық қағиданы ұстанғандықтан белгілі бір тақырыпты барлық топқа бір мезгілде өткізуге болады. Ал, жаңа сабаққа байланысты мысалдар мен тапсырмаларды жас ерекшеліктеріне қарай әрбір топқа лайықтап, саралап, әрқайсысына жеке орындатуға болады. Мұнда сабақ екі кезеңнен: біріктірілген (ортақ) бөлімнен және сараланған (дифф
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>