рдің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру. Диалог жайлы білімдерін кеңейте түсу.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың суреттері, карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің: Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің: Шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Арыстан мен тышқан. Жақсы шығарманы мадақтап, кем қателік болып жатса түзету.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Ой қозғау. Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)
шешуі: АРАША
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек
2. Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары "Жазушы" баспасында редакция меңгерушісі, &qu
Страницы: << < 48 | 49 | 50 | 51 | 52 > >>