Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет жасау.
VІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, отырған оқушыларды мадақтау.
Барлығын бағалау
Сабақтың тақырыбы: Адам қорыған көл
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың өлеңді жүргізіп, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру. Ондағы негізгі ойды анықтау, түсіну, кейіпкерлердің әрекетіне баға беру, өз ойы мен пікірін еркін баяндап беру машығын қалыптастыру.
2) Әлсіздерге әлімжеттік жасамау, қайрымды, қамқор болуға, мейірімділікке, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
3) Сөздік қорын байытып, тілін, логикалық жүйелі ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, топтау, өз бетінше жұмыс, ізденіс әдісі, оқулықпен жұмыс, жазба жұмысы.
Көрнекілік: слайд (жануарлардың суреттері, карточка, кесте
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы
І. Алғашқы ұйымдастыру
Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеп алу.
- Балалар, бүгін бізде ашық сабақ. Сендерге қонақтар келіп отыр, сондықтан олармен амандасып, мына ұранды жаттап алып айтайық.
Әрбір адам: Туысым, досым, жұрағатым.
Әрбір сабақ: Үйрену, ұғу, ұлағ
Страницы: << < 50 | 51 | 52 | 53 | 54 > >>