" әңгімесімен танысатын боламыз.
-Балалар сендер орманда қандай ағаштар өсетінін білесіңдер ме?
-Ағаштардың қандай пайдасы бар? Ол табиғаттың қай түріне жатады?
-Айналаны көгалдандырудағы мақсатымыз не?
-- Ормандарды қорғау туралы не білесіңдер?
Бүгінгі оқитын ертегі әңгімеде ормандағы қайың, қарағаш және тобылғы туралы оқып білеміз. Сылдырап ағып жатқан әдемі бұлақтың жанында қайың мен қарағаш өсіпті. Олар тату достар болған екен. Күндердің күнінде тобылғы қайың мен қарағашты бір-біріне жамандайды, оның сөзіне сенген қайың мен қарағаш таң атысымен қатты ренжісіп, шайқасады. Оларды арашалауға келген сексеуілдің омыртқасы сынып мүгедек болып қалады екен. Осының бәрін көрген тобылғы өз қылығынан қатты ұялып орманнан алысқа айдалада бұғып тіршілік ететін болыпты, ал сексеуіл болса қиқы-жиқы болып өсетін болған екен.
Суреттеріне тоқталу.
ІІІ. Кітаппен жұмыс
Қайнекей Жармағанбетов 1918-1974ж Қостанай облысында Жангелдин ауданында өмірге келген. Оның "Заман біздікі", "Адам туралы аңыз" т. б өлең жинақтары, "Әнші азамат" повесі бар.
-- Топтардан 1 оқушы азат жол бойынша оқу.
Мазмұнын ашу, сұрақтар қою.
Ағаштар бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды? Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты?
Қарағашқа не деді? Тобылғыға мінездеме беріп көрейік.
Сексеуілге де мінездеме берейік. Осы ағаштардағы қандай мінездер адамдарда бар?
Саған ұнаған және ұнамаған қылықтар?
ІҮ. Сөздік жұмыс Дәптерлерін ашып күнді жазып, түсініксіз сөздерді жазып алу. Ағаштар атын жазу, өзіне ұнаған ағаштың жанына белгісін қою.
Ү. Сергіту сәті
ҮІ. Топпен жұмыс Әр топқа жеке тапсырма:
І топ: Мінездеме жазу
ІІ топ Екі ағашты салыстыру венн диаграммасымен
ІІІ топ:Әңгіме барысына сай сурет салу
Страницы: << < 38 | 39 | 40 | 41 | 42 > >>