Әдебиеттік оқудан жоспарлар

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

дың тұлпары қалай аталады?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Жырда қандай әсірелеу сөздерімен таныстық? Өзің салған суретің жайлы не айтар едің? Өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. (батырлық жайлы мақал - мәтелдер: "Сары май сасымас, батыр саспас. ; Батыр жарасыз болмас. ; Батыр ортақ, ер ортақ, Күн ортақ, ай ортақ. ; Батырдың қаһары - еліне қорған. ; Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы. ")
Ү. Жаңа сабақ:
1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
2. сұрақ - жауап: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?
ҮІ. Білімдерін тексеру: сұрақ-жауап
ҮІІ. Қорыту. Бүгін кім жайлы оқыдық? Жырдан келтірілген үзіндіні өз ойыңмен аяқтап айтып көр. Жырды "Алпамыс батыр" жырын оқып шығып, өз ойыңмен салыстырып көр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2. Бағалау

















5. Тақырыбы: Батыр бала Бөген мен Шұбар ат. ( жырдан үзінді)
Мақсаты: Бөген батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;
Сабақтың түрі : аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік.
Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Барлығы:

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: