Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы тұлғаға бағытталған білім беру траекториясын жобалаудың педагогикалық жолдары мен жағдайы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы тұлғаға бағытталған білім беру траекториясын жобалаудың педагогикалық жолдары мен жағдайы
Дарынды, жас талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: "Бізге керегі - шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті",- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы Заңына" мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ. .
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау - ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамге

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: