Д. Бабатайұлы. Аягөз қайда барасың

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

тегіннен - тегін емес. ХІХ ғасырдың басында қазақ поэзиясына жаңа қалып , соны мазмұн әкелген жаңашыл, әрі өткір тілді ақын. Ақынның туған жер тағдырына алаңдаған өршіл үні замана қойнауларынан жарып шығып, саналының ойын оятып, намысын жаниды. Отаршылдық езгізінде жаншылған елдің жайына жан айқайымен қарсы тұрған қайсар өлеңдері бүгінгі ұрпаққа айтылған ұлағат аманат болып табылған.
Кім есепке жүйрік екен? Көрнекті ақын Д. Бабатайұлының туғанына неше жыл толады ? 215 жыл
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту,
Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз қайда барасың?. .

Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып,
Арнаң қалды осылып.
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады
Тоғанменен тосылып.

Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
Ойың өнім егіс қой.

Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді. . . . ?
Шығарманың идеялық мазмұнын ашу үшін сұрақ-тапсырмалар беріледі. 1. Аягөз бұрын қандай еді? Ақын оны қалай суреттейді? 2. Аягөз жері неге өзгерді,оған не себеп болды? 3. Қарапайым халық тағы кімдерден зәбір көрді,оны ақын қалай суреттеді? 4. Осы қиыншылықтан шығудың жолын неден іздейді?Ақын кімдерге өкпелі?Ақын ойын қалай қорытындылайды? Сергіту сәті "Мен өз елімнің патриотымын,елімді жақсы көремін,т. б" деген сөздерді мақтанып,көтеріңкі интонациямен айтқызу.
Өлең ішіндегі кейбір тармақтардың мәнін ашу
Аягөз кімнің жері еді?
Не деп жауап бер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: