ның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. "тауды екіге жарасың, арнаң қалды осылып. Тастың қашап арасын, күркіреген үніңнен, кесіп өтіп кезеңді, аңдар қашты шошынып. Аягөз қайда барасың?. . Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: "Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? - деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Шығарманың идеялық мазмұны: дүние өзгерді, жер,су, адам,әкім-бәрі азды,тозды,бұзылды;енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген түсінік. Туған жердің қасіретін көру, арқыраған Аягөздің сол кездегі аянышты халін ақын ретінде жан-жүрегімен езіле егілу өкінішімен ұштасып жатады. Туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді. Осындай жердің өзінікі екеніне қуана, бақытты сезімге бөленіп отырған ол табан астында сол асылынан айырылып, пұшайман күйге түседі. Осының бәріне мойындарына жезден қарғы таққан би, старшындар мен ұлықтарға "жағымды болған" аға сұлтан, қазылар кінәлі екеніне ызаланған ақын мысқылмен "Бейнең қандай болды екен: қарасаңшы бір мезгіл, қолдарыңа айна алып, - дейді өзін тыңдап отырғандарға. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау тек шындықты, шынайы сезімді бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
- Балалар, мына көріністерге назар аударайық. Бұлар нені еске түсіреді?
Оқушылардан сұрай отырып, жаңа сабақты хабарлаймын.
Дәптерге тақырыпты жазамыз.
2007 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Бір ел, бір кітап республикалық акциясының биылғы Д. Бабатайұлы шығармашылығына арнауы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>