ойыңша, дүниеде не жаман?
4. "Суалмайтын суат жоқ " Бидің нақыл сөздерінен нені аңғарасыңдар?
1. Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді. Жиренше шешен.
2. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім. Төле би.
3. Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман. Қазыбек би.
4. Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ. Әйтеке би.
Жаңа сабақ кезеңі Интерактивті тақтадан Дулат Бабатайұлының өмірі туралы бейнефильмді қараймыз.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас қонысында дүниеге келген. Ол өз заманының көрнекті ақыны. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген "Өсиетнама" деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. 1874ж. дүние салған. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны -- ХІХ ғ. алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын "Тегімді менің сұрасаң", "О, Сарыарқа, Сарыарқа", "Асқар таудың сәні жоқ", т. б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан "Сүлейменге", "Бараққа", "Кеңесбайға", "Аягөз қайда барасың" т. б. арнау, толғаулары қазақ жерінің отарлануын ашына жазды. Ақын - қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Аякөзін тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атам
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>