Cын тұрғысынан ойлау технологиясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ілім алушы ақпаратты жеке қабылдайды және жеке зерттейді. Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологияның алғашқы кезеңіндегідей, мағынаны тану сатысында да өз бетінше белсенді білім ала отырып, мақсатқа жетуді жоспарлайды. Білім алушылар алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап алуы мүмкін, жұмыстың алғашқы кезеңінде пайда болған қиындықтарды шешеді. Бірақ барлық сұрақтар мен қиындықтар шешілмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда мұғалім білім алушыларды мұратқа жетелеу үшін жаңа сұрақтар қоюға тырысуы керек, сол жұмыс жасап отырған ақпараттарына басқа қырынан келуі керек:
Мағынаны тану кезеңінің мазмұнында білім алушы:
1. Жаңа ақпаратпен танысады.
2. Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады. .
3. Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді. .
4. Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді.
5. Жаңа ақпаратпен танысу процесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспект қызық және неге екенін түсінеді.
6. Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады.
Білім алушылардың бұл кезеңдегі міндеті - мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу. Білім алушылар ақпаратпен белсенді жұмыс жасап, ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алуы қажет, маңызды ақпараттарды ажырата білуі, бар білімді жаңа біліммен кіріктіре алуы, жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге ақпаратты қолдануға машықтануы қажет.
Мұғалім бұл кезеңде:
1. Жаңа ақпараттың тікелей көзі. Бұл жағдайда ол жаңа ақпараттаы түсінікті әрі қызықты етіп жеткізе білуі керек.
2. Егер білім алушылар мәтінмен жұмыс жасап жатса, мұғалім олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
3.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: