Cын тұрғысынан ойлау технологиясы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

әрбір білім алушының сабаққа араласуына мүмкіндік туғызуы қажет, олар өздерінің білімі мен тәжірибесін актуалдандыруды мақсат қылуы керек. Мұғалімнің бұл кезеңдегі ролі білім алушылардың тақырып бойынша білетінін еске түсіруге ұмтылдыру, топтарда жанжалсыз ойлармен алмасуға мүмкіндік беру, аудиторияда айтылған ақпаратты тіркеуде. Білім алушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймайды, қарама-қайшылықты да, анықталмаған кезеңдерді де көрсетеді, ол жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт береді. Әрбір білім алушы өзінің көңілін қай кезеңге бөлуі керек, ал қай ақпаратты тек тексеру қажет екенін анықтайды.
Осылайша, сын тұрғысынан ойлау технологиясының "Қызығушылықты ояту" бірінші кезеңі келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Дәлелдеме (мотивациялық) - тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылықты ояту:
Ақпараттық - бар білімді актуалдандыру және жүйелеу
Сындарлы қарым-қатынас, байланыс (коммуникативті) - жанжалсыз ой алмасу
Мақсат қою - зерттелетін тақырыптың мақсатын анықтау.
Екінші кезең "Мағынаны тану" білім алушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың көптеген шарттарының бірі зерттелетін мәліметпен жұмыс жасағанда өз түсінігіңді бақылау болып табылады. Дәл осы міндет оқу процесінің мазмұнды түсіну кезеңінің негізгісі болады. Ең маңыздысы - жаңа тақырып бойынша жаңа ақпарат алу. Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өз танымының бағытын анықтаса, енді мұғалім түсіндіру сәтінде күтілетін нәтижеге сұрақтар қою арқылы екпін бере алады. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Ол түсінік беру, жеке лекция оқу, жұппен, топпен оқу, бейнематериал қарау т. б. болуы мүмкін. Қай жағдайда да б

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: