т кеңістігін әрі қарай кеңейту
Бағалау - жаңа білімнің бұрынғы біліммен сәйкестігі, өз ұстанымын жасау, үрдісті бағалау.
Берілген 3 кезеңді құрылым сабақты оқыту процесі ғана болып қоймайды, білім алушылардың өздерінің таным процесін зерттеуіне, мазмұнды өздері оқып түсінуге әкеледі. Білім алушылар оқытудың барлық процесі қалай ашылатынын көреді, оны мұғалімнің көмегінсіз өзінің үздіксіз білім алуында пайдалана алады. Онан басқа, мазмұн да, оқу процесі де олардың есінің ұзақ уақыт сақтау қабілетін қалыптастырады. ( Мазмұн оқу процесі ұзақ уақыт есте сақтау).
Сабақтың 3 кезеңді құрылымы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сын тұрғысынан ойлау- яғни жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу. Бұл құрылым білім алушылардың өзінде бар білімді жандандыруға уақыт береді, түсініктер мен құбылыстарды қайта жаңғыртуға әкеледі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы танымдық қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймайды, өзін-өзі тануды да үйретеді. Танымдық процесс болғандықтан, білім алушылар түсініктер мен ойлардың мазмұны жайында, ақпарат пен жай білім туралы ойланады. Ал өзін-өзі тану процесі де қатар жүретіндіктен, олар өз түсініктері жайында да ойланады. Білім алушылар өздеріне сұрақ қояды: "Бұл туралы мен не ойлаймын?", "Алынған ақпарат менің білетініммен сәйкес келе ме?", "Жаңа ақпаратты ала отырып, мен не істей аламын?", "Жаңа ақпарат, жаңа идеялар менің көзқарасыма, ойларыма қалай әсер етті?"
Білім алушылар өзін-өзі тану барысында қандай жағдайда болады? Бұл кезде ол жаңа түсініктерді жақсы естиді, жаңа ақпараттар пен тұжырымдамаларды ұғынудың жаңа тәсілі пайда болады. Олар ойлауға икемді болады - өзінің ойлауын бақылауға мүмкіндік алады; жаңа ақпаратты қабылдауға қабілетті болады
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>