ң жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова және басқа да мыңдаған ұл -- қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Олай болса, балалар, бүгін біз бір сәт асыл азаматтарымыз Желтоқсан жұлдыздарын еске ала отырып, олардың ерлігі, қайсар өмірі жайлы көпшілік алдында тағы бір айта кетсек артық болмас.
"Желтоқсан жұлдыздары"
5-оқушы: Қайрат Рұсқылбеков - 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің құрбаны, "Халық Қаһарманы". Ол 1986 жылы Алматыдағы сәулет құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылы 16-17 - желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Жастарды көтеріліске ұйымдастырғаны үшін кесілген өлім жазасы 20 жылға ауыстырылды. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып, үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21- мамырда Семей түрмесінде 21- камерада белгісіз жағдайда қаза тапты.
Мұғалім: Осы елім, халқым, ұлтым деп жанын қиып, өлгенше Совет үкіметінің озбырлық саясатына мойын ұсынбаған Рұсқылбековтың сол бір қиын кездердегі өмірінен көрініс тамашалайық
Көрініс
Тергеуші: (милиционерлерге) Айыпкер Рұсқылбековты тергеуге әкеліңдер.
Тергеуші: Рұсқылбеков Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Сенің ұрып - жыққаныңды біреу көріпті ғой.
Қайрат: Олай болса мені сол адаммен беттестір. Бұл өтірік, жала!
Тергеуші: Ах, ты, декабрист несчастный! Я тебе покажу өтірікті. Жала
дейді еще. (Ұрып - соғады. Есінен танған Қайраттың бетіне су шашады. )
Тергеуші: Әй, Рыскулбеков! Сен Савицкийді өлтірдім деп мойныңа ала сал.
Сонда сенің жазаң жеңілденеді. Егер сен Савицкийді өлтірге
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>