Цифрлер мен фактілер

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ан екі жарым ғасырлық мерзімде биліктің түрлі зорлық-зомбылық шараларына қарсы араға ең көп дегенде 50-60 жыл уақыт салып көтеріліп отырған. С. Датұлы (1783-1797) бастаған, И. Тайманұлы бастаған (1836-1838), К. Қасымұлы бастаған (1837-1847), Алаш зиялыларының (1905-1918), 1916 жылғы, ХХ ғ. 20-30 жылдар аралығындағы бас көтерулер соны айғақтайды. Ал осы қозғалыстардың қай-қайсысын алсаңыз да олардан ұлттық рухтың ешқашанда мұқалмас қайрат-жігерін танытатын үлгі - өнеге, дерек, дәйектерді молынан кездестіреміз.
Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсаны туралы шындықты білмейтін жан жоқ десе болады. 16-желтоқсан бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан, әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Қайыргелді, Сәбира, Түгелбай, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Ендеше сол желтоқсанның ызғарындағы мыңдаған боздақтардың рухын еске алып, бір сәт үнсіздік жариялаймыз.
Тарихта "Құйын-86" операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа "ұлтшыл", "нашақор", "маскүнем" деген айып тағылды.
Олай болса осы алапат құйынның шығуына не себеп болды екен. Соған үңілейік.
Желтоқсан оқиғасының себептері
1-оқушы: 16 -- желтоқсанда небәрі 18 минутқа ғана созылып, іргелі республиканың басшылығына қатысты мәселені көзді ашып жұмғанша шешіп, қазақтың дара туған азаматы Д. Қонаевты билік басынан алып, қазақ жерінің топырағына табаны тиіп көрмеген, ауасын жұтып, суын ішпеген, халқының қандай екенінен бейхабар әлдебіреу Г. Колбинді әкел

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: