қылдым?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді "масылдар".
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман-саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
7-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік
бітірісімен, Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға
мұғалім даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. Бар жоғы 16 жаста еді. 22-
желтоқсан күні өткен жиналыста анасымен бірге болған Сабираны айыптап,
бар кінәні оған үйіп - төгіп, сөккен, қатқыл сөздер айтып, тәртіпсіз деп
бағалаған. Мұның бәрі Сабираның ашу ызасын тудырады. Сүйтіп албырт жас
қыз жатақхананың 5 қабатынан өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіреді.
8-оқушы: Ербол Сыпатаев - Алматы энергетика институтының екінші курс
студенті. 19-желтоқсан күні ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған
күйде әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің
жалғыз баласы еді. "Құйын-86" операциясының құрбаны болды.
9-оқушы: 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын жыртып, алаңға
шыққан жалын жүрек жастардың арасында Ләззат Асанова да болып еді.
Ләззат Чайковский атындағы музыкалық училищенің 2- курс студенті еді.
Қаршадай елік қыз қараулықтың құрбанына айналарын сол сәт білмеген де
болар. Ар - ожданы озбырлықтың талабына талпынып, жас жүрегі
зұлымдықтан жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ. Ме
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>