іп отырғыза салуы жастардың наразылығын тудырып, ащы ызасын келтірді. Бұл бірінші себеп еді.
2- оқушы: Меніңше, КОКП Орталық Комитетінің сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыруы туралы ұйғарымынан туған наразылық мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдай оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені Республиканың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болды. Одан кейін Шымкент облысының мақта өсіретін үш ауданы Өзбекстанға өтіп кетті. Ал, 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ше? Елдің көзін бақырайтып қойып неміс автономиясын құрайық деу Орталықтың нағыз кеудемсоқ әрекеті еді. Қазақстан табиғи байлығы ең мол өлке бола тұра дамыған өнеркәсіпті республикалардың шикізат отарына айналды. Ақыры Қазақстанда шексіз билікке ие болған және Орталық мүддесін қорғайтын Колбиннің кезегі келгенде халықтың шыдамы таусылғандай еді. Наразылық бұрқ ете түсіп, бітеу жараның аузы ашылды да кетті.
3-оқушы: Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру Қазақстанның Арқалық, Ақтөбе, Жамбыл, Жезқазған, Көкшетау, Павлодар, Талдықорған, Өскемен, Ақмола және Шымкент сияқты қалаларында болып өтті. Алматыдағы 17- желтоқсан күнгі шеруге шамамен 25-30 мың адам қатысқан болса, астанадан тыс жерлердегі шеруге қатысқан адамдардың саны 2,5 мыңнан асты.
4-оқушы: Желтоқсан оқиғасы Мәскеудің басқа басқа емес "момақан" Қазақстаннан күтпеген "сыйы" еді. Орталық Комитеттің Саяси бюросы 1986 жылдың 18-желтоқсандағы қабылданған қаулысында Алматыдағы халық наразылығының түпкі себебіне ашықтан ашық көз жұмды. Наразылықтың негізгі себебін мойындау ұлттың өзін өзі билеу құқын, яғни мемлекеттік дербестік алу мүмкіндігін мойындау мен тең еді.
Мұғалім: 1986 жылдың желтоқсаны бүгінгі біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оны
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>