ына қарсылық хат жаздық. Сол үшін бізді соттап ұстады. Мені бірден "Есі дұрыс емес" деп тапты. Күштеп емдей бастады. Сегіз ай бойы олар жүйкеге әсер ететін дәрілерді беріп, осылайша менің саяси көзқарасыммен күресті".
Мұғалім: Сонымен балалар, Брежнев алаңына шыққан жастардың талаптары мен ұрандары қандай еді?(Слайд)
Мұғалім: Желтоқсандық жастар осы талаптарына жетті ме? Кеш те болса
жетті. Яғни: (Слайд)
1. Тәуелсіздігін алды.
2. Егеменді ел болды.
3. Төл теңгесін шығарды.
4. Ата Заңын қабылдады.
5. Алғашқы президентін сайлады,
6. Мемлекеттік рәміздерін белгіледі
13-оқушы: Президенттің жарлығы мен 1986 жылы 9 - желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен "Алтын жұлдыз" тапсырылды.
Сабира, Ләззат, Ерболға "Ақтау жөніндегі анықтама" қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп,оларды анықтау, ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа - Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
Ән: "Атамекен"
V. Қорытынды.
Мұғалім: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 25 жыл өтсе де бұл оқиға әлі де көп ойлантады, толғантады . . .
Еліміздің Президенті, Премьер министрі, Парламенттік қос палатасының төрағалары қол қойған "Қазақстан халқына үндеуінде" айтылғандай "1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір - қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы егеменді еліміздің жастарының көтерер туын биіктете берсе екен" дей отыра тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Тұрлығұлов Т. Т. Қазақ ССР тарихын оқыту методикасы. Алматы, 1979ж 256 б
2. Тұрлығұлов Т. Т. Отан
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 > >>