згілінен
бұрын солған қызғалдақ ғұмырдың обал -- сауабы кімнің мойнында. Мұны
анықтау болашақтың еншісі.
Хор. "Желтоқсан желі ызғарлы".
Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ
Әдеттен жырақ
Көрінді шын - ақ айбарлы.
Қайырмасы:
Тоңдырды мені
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді
Тоңдырды нұрды.
Көңілде мұңлы із қалды.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым
Бомбалар жиі жарылды
Малымда келім
Жанымда келіп
Қинады берік жанымды.
Қайырмасы:
Қазіргі таңда көзі тірі Желтоқсан куәгерлерінің естеліктері
10-оқушы: Үсіпхан Сейтімбетов сол кезде болған оқиға жайлы былай дейді: 16-желтоқсан күні кешкілік біздің жатақханадағы бөлмемізге Құрманғазы суыт келді. Ол жер, ел, ұлттық намыс туралы сөйлей бастады.
"Қонаев секілді елді басқарған, пір тұтқан ағаларымызды алып тастап, оның орнына ешкім білмейтін өзге ұлттың өкілін әкеліп қоюдың өзі - басыну. Алаңға шығайық, бейбіт түрде наразылық білдірейік" деді. Құрманғазыны қолдай кетіп көрші институттардың жатақханаларына, Киров атындағы зауыттың 2 жұмысшылар жатақханасына барып, үгіт жүргіздік. 17-желтоқсан күні біз таңертең Брежнев алаңына шықтық.
11-оқушы: Дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасының тағы бір куәгері сол кезде көркемсурет институтының ІV курс студенті Құрманғазы Айтмырзаев ол оқиға жайлы былай еске алады: "Алаңға неге шықтық, не үшін бардық. Біз еліміз, елдігіміз, бостандығымыз, тіліміз және ұлттық намысымыз үшін шықтық".
12-оқушы: "Құйын-86" операциясынан жапа шекендердің бірі - Асқар Сағынов - Конституциялық сотқа былай деп жазды: "Алматыдағы оқиға туралы естіген соң, біз студенттер бірінші хатшы Г. В. Колбиннің ат
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>