мтитын кешенді ілім екендігін қазіргі ғылым жетістік-тері толығымен дәлелдеп отыр.
Эволюциялық ілім мәнін мынадай қағидалар арқылы түсіндіруге болады:
Жер бетінде тіршілік ететін, бұрын тіршілік еткен барлық тірі организмдерді еш уақытта да Қүдіретті күш жаратқан емес.
Тірі организмдер табиғи жолмен пайда болып, ұзақ уақыт аралығында үнемі өзгеріп отырды және тікелей сыртқы орта жағдайларының әсерлерінен құрылысы мен тіршілік әрекеттері күрделенді.
Табиғаттағы түрлердің пайда болуы және олардың өзгеруі өздеріне тән өзгергіштік пен тұқымқуалаушылың қасиеттері арқылы табиғатта үнемі болатын табиғи сұрыпталу арқылы жүзеге асады. Ал табиғи сұрыпталу организмдердің тікелей бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен тығыз байланыстарын қамтамасыз етеді. Табиғатта болатын мұндай өзара тығыз байланыстылықты Дарвин тіршілік үшін күрес деп атады.
Эволюцияның нәтижесі организмдердің өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделушілігі арқылы ғана көрініс береді. Ол тіршілік үшін күрестің үш түрлі жолын бөліп көрсетті. Олар түрішілік, түраралық және қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес деп аталады.
Қолдан сұрыптаудың негізгі қозғаушы күші тікелей адамның іс-әрекеттері арқылы ғана жүзеге асады.
Табиғатта жаңа түрлердің пайда болуы эволюцияның негізгі күштері (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) арқылы жүзеге асады. Оны Ч. Дарвин белгілердің ажырауы (дивергенция) деп атады, бұл құбылыс бір түрге жататын даралар арасында ғана байқалады.
Прогрессивті эволюция әрбір тарихи замандарда тіршілік еткен түрлердің арасынан белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделе алған түрлердің жалпы құрылысының күрделенуімен ерекшеленеді.
Палеонтолог ғалымдардың деректері бойынша геологиялық замандардың әр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>