Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

. Жүруге арналған аяқ. Демтүтік. Өкпе. Астың ішектен тыс қорытылуы. Түйінді жүйке жүйесі.
2. Сұрақтар:
1. Тип неге буынаяқтылар деп аталған?
2. Буынаяқтаралар типтерінің кластарын атаңдар.
3. Буынаяқтараларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Жоспары:
1. Бунақденелілер класы
2. Бунақденелілердің дамуы
3. Бунақденелілердің пайда-зияны
Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түпкірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі клас тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар клас тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтырардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдері деп аталады.
Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (грек. "ганглион" - бұдырмақ, ісік) түзеді. Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілер демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы он жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады. Зәршығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: