ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ерінбей еңбек етіп, тер төгіп, көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар:
Бірі - өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйрену және күнделікті тәжірибеде қолдану болса, екіншісі - эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибесін тарату.
Тіл тағдыры- қазақ тілі мұғалімдерінің қолында десем де, артық болмас айтқаным. Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ тілі - ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру еңмаңызды жұмыстардың бірі.
Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға
үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі.
Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, "оңайдан қиынға принципін" басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспары қажет деп ойлаймын.
Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әртүрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргіземін. .
Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: