ҰБТ-ға дайындық

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жанғұлова Айтан Казисовна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындау
Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.
Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат - мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал,бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.
Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.
Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.
Тест жұмысын орындағаннан кейін қатемен жұмыстар жүргіземін.
Тақырыптық тест құрастырамын.
Әр тараудан кейін қайталау сабағын жүргіземін.
Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі
болып қоймай, ҰБТ-ның балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушы төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық. Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы еке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: