Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлаудың теориялық моделі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

публикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасына сәйкес бейіндік оқыту-кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі деп атап көрсетілген.
"Бейін" сөзінің анықтамасына тоқталатын болсақ, Д. И. Ушаков сөздігінен "бейін" - дегеніміз қандай да бір мамандық үшін талап етілетін білім мен дағдылардың жиынтығы, С. И. Ожегов сөздігінде бейін - қандай да бір мамандықты сипаттайтын және өндірістік немесе оқу бағытының сипатының ерекшеліктік белгілерінің жиынтығы деп анықтама берілгенін білуге болады.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіби даярлық мәнін ұғынуда үш бағыт бөлінеді:
- мазмұндық, мұнда кәсіби даярлық белгіленген қызмет аясында жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін арнайы білімнің, іскерліктер мен дағдылардың
жиынтығы ретінде орын алады;
- тұлғалық, бұл ұстаным бойынша кәсіби даярлық ұғымы аталған өндірістік қызмет үшін талап етілген кәсіби қызығушылықтарды, көзқарастарды, сенімдер мен тиісті тәртіп нормалары тәрізді белгіленген мамандық бойынша жемісті жұмыс атқаруды қамтамасыз ететін кәсіби қабілеттерді қалыптастыруды қамтиды;
- процессуалдық, (мамандықтың, шұғылданудың белгіленген түрімен байланысты, еңбек жолындағы салалардың бірі үшін маманды қалыптастыру
үдерісі). Ғылыми білімдерді, іскерліктерді меңгеру, қажетті тұлғалық-кәсіби
қабілеттерді және дағдыларды игеру үдерісі және нәтижесі болып табылатын
кәсіби білімге ие болу кәсіби даярлықтың мақсаты ретінде орын алады.
Қазіргі таңдағы педагогикалық ғылымда болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығы жалпы, психологиялық-педагогикалық, пәндік және әдістемелік біл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: