Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби
даярлаудың теориялық моделі
Кенжебекова Н. Ә.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жoлдауында "Oрта және жoғары білім берудің oқу жoспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын oларға тәжірибелік машықтарға үйрету бoйынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын қoсып, өзгерту" қажет екенін көрсетті 1. Қазақстан Республикасы "Бiлiм беру" Заңында жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары біліктілікті және "бакалавр" академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға, олардың кәсіптік даярлығының деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталғаны туралы айтылса 2, ал Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету, жоғары білікті ғылыми және ғылыми - педагог кадрларды даярлау мәселелері баяндалған 3. Әлемде болып жатқан радикалды өзгерістер білім беруге қоғамдық талаптардың өзгеруіне және оларды қанағаттандыру қажеттілігіне әкеледі. Бұл инновациялық үдерістердің жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Соның бірі - оқыту үрдісіне бейіндік оқыту жүйесін енгізу болып табылады.
Бейінді - бағдарлы оқыту дегеніміз - білім алушының қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте ие болуға тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту. Бейіндік оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Қазақстан Рес
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>